Индонезияның Суматра аралында өршіп тұрған орман өрттерінің салдарынан мектептер уақытша жабылуда. Өрт сөндірушілер бірнеше күннен бері жалынды ауыздықтай алмай жатыр. Айналаны қара түтін басқан. Риау провинциясының Думай аймағында ауаның ластану деңгейі адам денсаулығы үшін қауіпті көрсеткіштен екі есеге асқан. Осыған байланысты тыныс алуы қиындаған 150-ге жуық тұрғын дәрігер көмегіне мұқтаж. Ал, жергілікті билік мектептерде сабақтарды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған дейін, табиғат апаты мұндағы әуежай жұмысына да кедергі келтірген еді. Индонезия билігінің хабарлауынша,  осы уақытқа дейін орман өрттері 2 мың 800 гектар аумақты шарпып үлгерген екен.

 

 

 

Сурет: www.rulez-t.info

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер