Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйек айының алғашқы күндері G-20 саммитіне қатысу үшін Қытай Халық Республикасына сапармен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, тараптар Астана мен Бейжің ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылайды деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, саммит аясында делегациялар басшыларымен бірқатар келіссөздер өтпек.  G20 саммиті қырқүйектің 4-5-і күндері Ханчжоу қаласында өтеді. Қазір Қытай тарапы шараға қызу дайындық үстінде. Елде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жеке туристік сапарлар үшін 1 қазанға дейін визалық ережелер өзгертілді. Алқалы жиынның басты тақырыбы инновациялық, өзара байланысты және инклюзивті әлемдік экономика қалыптастыру болмақ.

 

 

 

Сурет: twitter.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер