Сенбі күні Италияда Ұлттық аза тұту жарияланды. Жер сілкінісінен қаза тапқандармен қоштасу рәсіміне қатысу үшін ел премьер-министрі Маттео Ренци Аматриче қаласына келді. Бұл шаһар тамыздың 24-іне қараған түні болған зілзаладан толықтау қирауға ұшырады деуге болады. Жақында құтқарушылар тағы екі адамның жансыз денесін тапты. RaiNews24 телеарнасының хабарлауынша, мәйіттер қонақ үй қирандыларының астынан табылған. Осылайша, табиғат апатынан көз жұмғандардың саны 284 адамға жетті. Оның 223-і зілзала кезінде Аматриче қаласында болған. Магнитудасы 6 балдық дүмпулер Италияның орталық бөлігінде сәрсенбіге қараған түні тіркелді. Лацио, Умбрия және Марке облыстарында көптеген ғимарат қирауға ұшырады. Мамандар аталған аймақтағы сейсмологиялық белсенділік әлі күнге тыйылмай отырғанын айтады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер