Сирияның Дарайя қаласында бекінген жасақтар мен олардың туыстары шаһардан кете бастады. Бейсенбі күні үкіметтік әскер басшылығы мен көтерілісшілер эвакуация жөнінде келісімге жеткен еді. Қала тұрғындарын автобустар мен жүк көліктерімен көшіріп жатыр. 2012-жылдан бері үкіметтік әскердің қоршауында болған қалада 8 мыңдай адам қалған. Олардың арасында бір мыңы - қарулы жасақшылар. Сирия өкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, ауыр қаруын тапсырған жасақшыларды оппозиция қарамағындағы Идлиб провинциясына жеткізеді. Ал бейбіт тұрғындар ел астанасы Дамасктағы уақытша баспаналарға орналастырылады.

 

 

 

Сурет: rus.azattyq.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер