18 жастағы австралиялық азамат бірмоторлы ұшақпен жалғыз өзі жер шарын айнала ұшып шықты. Лэклен Смарт (Lachlan Smart) сенбі күні таңертең Австралияның Квинсленд штатындағы әуежайға келіп қонды. Ол 54 күнге жалғасқан саяхаты кезінде әлемнің 15 мемлекетінің 24 нүктесіне аялдаған. Лэклен Смарт бұған дейін дүние жүзін шарлап шыққан америкалық Мэтт Гутмиллерден (Matt Guthmiller) бір жас кіші. Сондықтан жер шарын айнала саяхат жасаған ең жас рекордсмен атағы австралиялық жігітке көшті.

 

 

 

Сурет: www.sunshinecoastdaily.com.au

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер