Италиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге тілектестік білдірмек ниетпен Еурокомиссия Брюссельдегі барлық ғимараттарының үстіндегі жалауларын төмен түсірді. Еуропалық мамандар Италия билігіне апаттан келген шығынды анықтауға қол ұшын беру үшін спутник арқылы түсірілген бірнеше фотосуретті жіберді.

 

Александр ПОЛАК, ЕУРОКОМИССИЯ ӨКІЛІ:

 

Италия билігінің өтініші бойынша, Коперник атындағы төтенше жағдай қызметі спутниктік карталар дайындап жатыр. Олар зілзала кезінде зардап шеккен аудандарға қанша шығын келгенін анықтайды. Әзірге берілген тоғыз карта арнайы оперативтік қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Қайырымдылық көмек жөніндегі Еурокомиссар Христос Стилианидис өткен түнде азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Фабрицио Курчомен хабарласып, оған қажет болған жағдайда Еуроодақтың кез-келген жедел көмек көрсетуге әзір екендігін жеткізді.

 

Сурет: news.ivest.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер