Боливия ІІМ кеншілер ұрлап кеткен вице-министрдің қазасын қуаттады. Родольфо Ильянес ереуілге шыққан кеншілермен келіссөз жүргізуге барғанда, жұмысшылар оны тұтқынға алып, кейін ұрып өлтірген. Айта кетейік, жергілікті кеншілердің бас көтеріп, көшеге шыққанына екі аптадай уақыт өтті. Олар кооперативтер туралы заңға енгізілмек болған өзгерістермен келіспейді. Бұған дейін ашынған жұмысшылар елдегі күре жолдардың бірін жауып тастаған болатын. Оларды таратуға келген полиция тәртіпке көнбегендерге оқ атып, екі ереуілшіні жер жастандырды.

 

Сурет: www.ntv.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер