Ал Италия халқы жойқын зілзала зардабын тартып жатыр. Бар болғаны бірнеше минуттың ішінде Римнен 150 шақырым жердегі 3 елді мекен жермен -жексен болды. Бұлар - Амат-риче, Пескара-дель-Тронто мен Аккумоли қалашықтары. Қазір жергілікті тұрғындар уақытша лагерлерді паналауға мәжбүр. Құтқарушылар мен еріктілер үйінділерді аршып, тірі қалғандарды құтқаруға барын салып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, зілзаладан  247 адам қаза тапқан. Із-түссіз жоғалғандардың нақты есебін ешкім білмейді. Айта кетейік, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне  Италиядағы жер сілкінісінен қаза тапқан немесе зардап шеккен отандастарымыз туралы ақпарат түскен жоқ. 

 

Тициан де Каролис, ерікті:

Аматричедегі уақытша лагерлерде 350 адам тұрып жатыр. Олардың 50-ін жылы спортзалға орналастырдық. Көбі - балалар, қариялар мен науқас адамдар. Қалған 300-інің ашық аспан астында футбол алаңында түнеп шығуына тура келді. Адамдар ұрей құшағында. Барынан айырылып, қамығып жүргендері қаншама. Қала толығымен күйреді.

 

 

 

Сурет: www.tvc.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер