Колумбия билігі мен "Төңкерісшіл қарулы күштерінің" көтерілісшілер тобы тарихи бітім жасасты. 50 жылға созылған қақтығысқа нүкте қойған келісімге Кубада қол қойылған. Тараптар бұл құжатты 2012 жылдан бері бейбіт келіссөздер негізінде талқылап келген еді. Ақыры делегациялар оқ атуды біржола тоқтату, есірткіні заңсыз өндіру мен сату мәселесін шешу және қақтығыс құрбандары үшін өтемақы төлеу туралы уағдаласты. Билік пен бүлікшілер арасындағы қанды қырғын 1964 ждылы басталған болатын. Содан бері жанжалдан 220 мың ажал құшып, миллиондаған тұрғын босқынға айналды. Айта кетейік, "Колумбияның төңкерісшіл қарулы күштерін" АҚШ пен Еуропалық одақ лаңкестік топ ретінде таниды. 

 

Умберто де ла Калье, Колумбия үкіметінің делегация басшысы:

Біз мақсатымызға жеттік. Бұл соғыс аяқталды, енді біз жаңа жолға түстік. Бұл келісім бәріміз үшін әділетті қоғам орнатуға мүмкіндік береді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер