Мьянмада жер сілкінді. Магнитудасы 6,8 баллға жеткен  зілзаладан Паган қаласында 4 адам қаза тапты, олардың екеуі жас бала.   Бұдан басқа, табиғи апаттан буддистердің бірқатар ежелгі ғибадатханасы  жермен- жексен болып, енді бірнешеуі  жартылай қираған. Бұл храмдар 10-шы  және 4-ші  ғасырлардан келе жатқан жәдігерлер болатын. Негізі "Паган шаһары  - буддистердің 4 миллион ежелгі ғибадатханасына мекен болған қала" деп аталады. Бүгінде  3 мыңға жуық храм сақталған. Олар 40 шақырым аумақты алып жатыр. Ал Мьянманың өзі - сейсмикалық жағынан белсенді аймақта орналасқан.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер