Нью-Йоркте халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін атап өтуге дайындық жүріп жатыр. Бұл  - қазақстандық тараптың бастамасы. Халықаралық келісімдерге қарамастан, кейбір мемлекеттер ядролық қарудан бас тартқан жоқ. Сондықтан Қазақстанның  ұсынысымен Семей полигоны жабылған 29-шы тамыз халықаралық жаппай қырып-жою қаруларына қарсы іс-қимыл күні болып белгіленді. Атаулы датаға орай Біріккен Ұлттар ұйымының штаб-пәтері бір апта бойы келелі кеңестер өткізеді. Мамандар құрбандарға тағзым жасап, бейбітшіл бастама көтермек. Бұл жолғы шаралардың басты тақырыбы Семей полигонына арналады.

 

Дэрил Кимбалл, Қарусыздануды бақылау жөніндегі қауымдастықтың директоры:

Жаппай қырып жою қаруынан ең көп зардап шеккен Қазақстан мен Жапония осы конференцияның өтуіне атсалысты. Сондай-ақ, олар қаруды қолданбау туралы келісімнің күшіне енуіне көп күш жұмсауда. Қауымдастық тарапынан біз де осы ұранға қосыламыз. Енді Біріккен Ұлттар ұйымы мен қауіпсіздік кеңесі алдағы қыркүйек-қазан айларында осы мәселені күн тәртібіне шығарса деймін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер