Кабулда 2 лаңкес Ауғанстандағы Америка университетіне шабуыл жасады. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, оқу орнының жанында жойқын жарылыс болып, ғимараттың іші мен сыртында атыс басталған. Операция 10 сағатқа созылып, шабуыл жасаған 2 экстремистің көзі жойылды. Өкінішке орай, атыс кезінде 12 адам қаза тауып, 40-тан астамы жараланған. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, кейбірлерінің  халі ауыр. Ғимаратқа шабуыл жасалған кезде іште халықаралық "Ассошиэйтед пресс" ақпарат агенттігінің фототілшісі де болған. Ол терезеден қарап тұрғанда лаңкестердің бірі оқ атып, жарақаттады. Фотограф 9 студентпен қашып құтылған. Айта кетейік, Ауғанстанның Америка университеті 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Онда қазір 1 мыңнан астам адам оқиды. Университет ғимаратының жанында бас прокуратура мен парламент орналасқан.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер