Брюссельде 52 жастағы әйел автобустың 3 жолаушысын пышақтады. Анықталғандай, тегі филлипиндік әйел бұрын сотталмаған. Алайда психологиялық күйзеліске ұшыраған. Оқиға орнына жеткен полицейлер шабуыл жасаушыға оқ атуға мәжбүр болды. Ол төртінші адамға пышақпен ұмтылғанда қолына оқ тиіп барып тоқтаған.  Ал жарақаттанған үш жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Әзірге белгілісі, бұл оқиғаның терроризмге еш қатысы жоқ.

 

Ине Ван Вымериш, Брюссель прокуратурасының төрағасы:

Қанды оқиға шамамен сағат 4 жарымда болған. Қоғамдық көлікте белгісіз әйел үш жолаушыны пышақпен жарақаттаған. Олардың жарасы жеңіл. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Әзірге қаскөй әйелдің тұрғындарды не үшін жаралағаны белгісіз. Бірақ, жақын уақытта анықтаймыз. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. оқиғаның терроризммен байланысы жоқ.

 

Соңғы кездері Еуропада адамдарға шабуыл жасайтындардың қатары артқан. Мұның себебін арнайы мамандар анықтауға тырысып жатыр.

 

Фарук Озгюнес, терроризм мәселелері жөніндегі сарапшы:

Қоғамдық орындарда, адам көп шоғырланатын жерлерде мұндай оқиға болған жағдайда полиция дереу дабыл қағады. Өйткені, соңы немен аяқталатыны белгісіз ғой. Мүмкін бұл теракт, мүмкін ақыл-есі дүрыс емес біреу шығар? Меніңше, қазір әлемде болып жатқан жағымсыз жағдайлар адамдарға кері әсерін тигізіп жатыр.

 

 

 

Сурет: www.scoopnest.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер