Жапонияның Хоккайдо аралына «Миндуль» тайфуны жетті. Соңғы ақпаратқа сәйкес, алапат дауылдан елдің бір тұрғыны көз жұмып, 60-тан астамы зардап шеккен. «Миндуль» - осы маусымда Хоккайдо аймағында соққан тоғызыншы тайфун. Онымен бірге аралға екпіні сағатына 180 шақырымды құрайтын жел мен нөсер жетті. Осының салдарынан электр желілері үзіліп, мыңдаған үй жарықсыз қалды. Жергілікті тұрғындарға үйлерін тастап, тез арада қауіпсіз жерге көшу туралы кеңес берілді. Мамандар ел аумағындағы 9 бірдей өзеннің суы арнасынан асуы мүмкін екенін ескертті.

 

Айта кетейік, «Миндуль» тайфуны Жапония тұрғындарын бірнеше күннен бері әбігерге салып отыр. Дауылдың салдарынан аймақтағы теміржол қатынасы тоқтап, әуе рейстері кейінге шегерілген. Қазіргі кезде «Миндуль» сағатына 110 шақырым жылдамдықпен солтүстік-шығыс бағытқа бет алған.

 

 

 

Сурет: gosindex.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер