Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози билік тізгіні үшін қайта таласпақ. Саясаткер келер жылы өтетін сайлауға қатысатынын ресми түрде жариялады. Дүйсенбі күні экс-президент өзінің Твиттер парақшасында «біздің ел тарихындағы қиын-қыстау кезеңде мен бұл күреске қатысуға күшім бар сенемін» деп жазған. Енді сайлауға түсу үшін Саркозиді өзі басқарған Республикалық партияның мүшелері үміткер ретінде ұсынуы тиіс. Аталған партия өкілдерінің саны бойынша француз Сенаты мен Ұлттық ассамблеяда екінші орында. Ондағы мандаттардың дені қазіргі президент Франсуа Олландтың социалистік партиясының қолында.

 

Айта кетейік, Николя Саркози Францияны 2007-2012-ші жылдардың аралығында басқарған болатын.    

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер