Мексиканың бірнеше аймағында оқудың алғашқы күні мектеп мұғалімдері жұмысқа шығудан бас тартып, көшеде жиналды. Ұстаздар қауымы осылайша, ел президенті Энрике Пенья Ньетоның білім беру саласындағы реформасына қарсылық білдірді. Оахака қаласында демонстранттар бұл өзгерістердің оқытушылардың жаппай жұмыссыз қалуына себеп болатынын айтып, наразылық білдірген. Мектептер, сондай-ақ, елдің Мичоакан, Герреро және Чьяпас штаттарында да жабық тұр. Мұғалімдер өз талаптары орындалып, реформаның күші жойылмайынша жұмысқа шықпайтындарын айтуда.

 

Айта кетейік, Мексика үкіметі қолдап отырған білім реформасы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін тексеріп, оларға қойылатын талаптарды күшейтуді қарастырады. Десе де, ұстаздардың көбі білім беру сапасын жақсартуды көздейтін бұл құжатқа қарсы.

 

 

 

Сурет: www.efe.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер