Түркияның Газиантеп қаласындағы терактіні кімнің ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Бұл туралы ел премьер-министрі Бинали Йылдырым мәлімдеді. Бұған қоса, үкімет басшысы лаңкестік әрекетті жасаған жанкештінің жасына қатысты ақпараттың да нақты емес екенін атап өтті.

 

Бинали Йылдырым, Түркияның премьер-министрі:

Біз лаңкестікті кімнің ұйымдастырғанын әзірге білмейміз. Бұған дейінгі мәлімдемелер тек куәгерлердің сөзіне сүйеніп жасалған болжам болды. Алайда, қазіргі кезде біз бұл ақпараттың шынайлылығын растамай алмаймыз. Жарылысты жасаған жанкештінің де бала, не ересек адам болғанын білмейміз. Қауіпсіздік күштер істі егжей-тегжейлі тергеп жатыр. Біз бұл шабуылдың артында тұрғандарды табатынымызға күмән болмасын.

 

Айта кетейік, сенбі күні Түркияның Газиантеп қаласында үйлену тойына жиналған қонақтардың ортасына жанкешті кіріп, жарылғыш құрылғысын іске қосқан еді. Соңғы ақпаратқа сәйкес, шабуылдан 54 адам қаза тапты. 70-ке жуық кісі әлі де ауруханада жатыр. Газиантеп провинциясының губернаторы оқиғаны теракт деп бағалады. Ал президент Тайип Эрдоган шабуылды Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы ұйымдастырды деп мәлімдеме жасады.

 

 

 

Сурет: newskaz.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер