Үндістандағы муссон маусымы 400-ден астам адамның өмірін қиды. Тұрғындардың көбі су тасқындары кезінде қаза тапқан. Бүгінде ең ауыр жағдай Мадхья-Прадеш штатында орнаған. Онда орташа нормадан 40 пайызға артық мөлшерде жауын-шашын түскен. Штаттағы 51 округтің 30-ын су басып, 100-ден астам кісі ажал құшты. Елдің солтүстік бөлігіндегі жағдай да мәз емес. Уттаракханд мен Уттар-Прадеш штаттарында 150-ден астам тұрғын табиғат апатының құрбанына айналды. Ал ел аумағы бойынша су тасқындарына байланысты 500 мыңға жуық үндіс баспанасын тастап кетуге мәжбүр болған.

 

Айта кетейік, Үндістанда 8-ші маусымнан бері қатты нөсер толассыз жауып тұр.

 

 

 

Сурет: www.rtve.es

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер