Үндістанның орталық және шығыс бөлігіндегі су тасқындарынан кем дегенде 40 адам қаза тапты. Жүздеген мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлайды. Соңғы екі тәулік ішінде Ганг және оған құятын өзендердегі судың деңгейі күрт көтерілген. Су тасқындарынан Мадхья-Прадеш, Бихар және Уттар-Прадеш штаттарындағы бірнеше өңір зардап кешті. Раджастан және Уттаракханд штаттарындағы жағдай да қиын. Ел әскері апат аймақтарына гуманитарлық көмек жеткізіп, құтқару жұмыстарына қатысуда.

 

1.Барлығы су астында қалды. Тіске басар ас та, ауыз су да, тіпті қайығымыз да жоқ. Не істерімізді білмей дал болып отырмыз.

 

2. Жауынның тоқтамай жауғанына бүгін үш күн болды. Айналадағы алқаптарды түгел су алып кетті. Төккен тер, еткен еңбектің бәрі еш болды. Су үйімізді де басып қалатын түрі бар. 

 

Сурет: gosritual.su

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер