Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп қаласындағы терактіден қаза тапқандар саны өсті. Haberturk телеарнасының мәліметінше, жанкешті шабуылынан 53 адам көз жұмды. Тағы бір басылымның хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында 29 бала бар, 67 адам әлі де ауруханада. Сенбі күні қалада үйлену тойына жиналған қонақтардың ортасына жанкешті кіріп, жарылғыш құрылғысын іске қосқан. Газиантеп провинциясының губернаторы оқиғаны теракт деп бағалады. Ал президент Тайип Эрдоган шабуылды Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы ұйымдастырды деп мәлімдеме жасады. 

 

Сурет: auto-daily.livejournal.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер