Таиландтың курорттық аймақтарында жарылыстар мен өрт қою оқиғаларын 20-дан астам адамнан тұратын топ ұйымдастырды. Тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқан полицияның өкілдері осылай деп мәлімдеді. Ұлттық полиция басқармасының басшысы Чактхип Чайчинда қылмыскерлердің қандай мақсат көздегені белгісіз дейді. Бұған қоса, ол күдіктілердің ешбірі бұған дейін полицияның бақылауында болмағанын да айтты. Осы жағдай істі тергеуде қиыншылық туғызды, дейді Чайчинда.

 

Чактхип ЧАЙЧИНДА, ТАИЛАНД ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

Біз қылмыскерлердің қайдан келгенін және шабуыл алдында қайда барғанын білеміз. 7 провинцияның барлығында болған оқиғаларды 20 адамнан тұратын топтың ұйымдастырғанына сенімдіміз.

 

Еске салсақ, тамыздың 11-і мен 12-ісінде Таиландың 7 бірдей провинциясындағы курорттық аймақтарда жарылыстар болып, өрт қойылды. Оқиға кезінде 4 адам қаза тауып, 35 кісі жарақат алды. Олардың арасында 10 шетелдік турист бар. Ал, өрттен келген шығын 3 миллион долларға бағаланды. Шабуылдар үшін жауапкершілікті әзірге ешбір ұйым мойнына алмаған.

 

Сурет: tonkosti.ru

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер