Испаниялық шаруалар егін алқабына шахмат ойнауға шықты. Жазық даланы ойын тақтасына айналдырған диқандар фигуралардың орнына тракторларды қойған. Егіншілердің ермегіне айналған турнир биыл екінші рет өтіп отыр.  Ойынды екі адам қарапайым шахмат тақтасында ойнайды. Тек олар әр жүрісін радиоқабылдағыш арқылы өз механизаторына айтып отырады. Ойынға 25 мың шаршы метр жер пайдаланылған. Ал оны әлемнің түпкір-түпкірінен 3 мыңнан астам адам тамашалады.

 

Андрес ЛАСАРО, ШАРУА:

 

Біздің алқаптарымыз -әлемдегі қуаңшылық жайлаған жерлердің бірі. Сондықтан біз осы жерде маңдай терін төгіп, еңбек етіп жатқан адамдарға сый құрмет көрсеткіміз келді.

 

Артур ФЕРНАНДЕС, ШАХМАТ ОЙЫНШЫСЫ:

 

Шахматтан көп нәрсе аламын. Мектептегі үлгеріміңнің артуына, ойлау қабілетіңнің дамуына көп әсер етеді. Жалпы, шахматтан өмірдегі кез келген кикілжіңнің шешімін табуға болады.

 

Сурет: about-chess.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер