Сириядағы елді мекендерге жасалған әуе соққылары мен түрлі шабуылдардан бір ғана шілде айында 500 бейбіт тұрғын көз жұмды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мунның баянадамасында айтылады. Құжатта, осынша адамның ажалы елде болған 40 шабуылдың кезінде тіркелгені көрсетілген. Бүгінде Сириядағы әскери әрекеттер Алеппо, Дейр-әз-Зор, ХАсеке, Идлиб және Риф-Димаш аймақтарында әлі де жалғасып жатыр. Бас хатшының мәліметтері бойынша, шілде айында халықаралық ұйым 484 мың адамға гуманитарлық көмек жеткізген. Дегенмен ол жоспарланған жәрдемнің 40 пайызын ғана құрайды. Сонымен қатар ЮНИСЕФ басшысы Сириядағы соғысты тезірек тоқтатуға шақырды. Айтуларынша, қақтығыс салдарынан миллиондаған бала көзін ашқалы бейбіт өмірді көрмеген.

 

Кристоф Бульерак, UNICEF өкілі:

Бес жасқа дейінгі 3 жарым миллионнан астам бала соғыс пен жауыздықтан өзге ештеңе көрген жоқ. Көрші елге кетіп, бас сауғалап жүрген отбасылардың өзінде 300 мың бала туылған. Ал гуманитарлық көмекке 8 жарым мың адам мұқтаж.

 

 

 

Сурет: alaraby.tv

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер