Венесуэла мен Парагвай арасындағы алыс-беріс  толықтай тоқтады. Бұл туралы Парагвай Сыртқы істер министрі мәлімдеді. Бұған дейін елшісін шақыртып алған Парагвай билігі Венесуэланы Оңтүстік Америкадағы ортақ нарық құрып отырған одақтың төрағасы ретінде мойындамайтынын және олар өткізген кез келген жиынға қатыспайтындарын жеткізді. Олардың мұндай қадамға баруына Венесуэла президенті Николас Мадуроның сын сөздері себеп болған. Олардың пайымдауынша, Венесуэла бүгінгідей саяси және экономикалық дағдарыста отырып, Оңтүстік Америкадағы ең ірі сауда және экономикалық одаққа төрағалық ете алмайды.

 

 


Сурет: elestimulo.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер