Әлемге әйгілі боксшы Мұхаммед Әлидің 100-ге жуық жеке заттары бәссаудаға шығарылды. Оны АҚШ-тың "Херитэидж Аукшнс" бәссауда үйі ұйымдастырған. Сатылымға қойылған заттардың арасында Әлидің 1974-ші жылы америкалық Джордж Форманды жеңіп Дабл-ю-Би-Си тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы абсолютті чемпион атағы үшін алған белдігі де бар. Мамандар оның алғашқы құны 600 мың АҚШ долларынан басталады деп отыр. Сатылымға белдіктен бөлек Әлидің шаршы алаңға киіп шыққан киімдері мен тұтынған бұйымдары және Ислам дінін қабылдауына не түркі болғанын түсіндірген хаты шығарылған. Аукцион 10-ыншы қыркүйекте өтеді. Еске сала кетейік 1999 жылы ғасыр спортшысы атанған Мұхаммед Әли осы жылдың 3-ші маусымында 75 жасқа қараған шағында өмірден озды.

 

Катлин ГУЗМАН, HERITAGE AUCTIONS NEW YORK БАСҚАРМА ДИРЕКТОРЫ:

 Әлидің хаты спорттағы жәдігер ғана емес, тарихымыздың бір бөлігі. Ол танымал спортшы болды. Алайда есімі мен ұстанатын дінін ауыстыруы өткен ғасырдың 60-шы жылдары Алиді азаматтардың құқығын қорғаушы ретінде өте атақты етті.

 

 

 

Сурет: www.sportskeeda.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер