Оңтүстік Суданның бұрынғы вице-президенті Риек Машар елін тастап қашып кетті. Бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметтерге қарағанда ол қазір Конго Демократиялық Республикасының аумағында.  Одан әрі Эфиопияға кетуді көздеген. Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Машардың елден кетуіне жақтастарының президент Салва Киир жауынгерлерімен қарулы қақтығысқа түсуі себеп болған. Еске сала кетейік, бұл елдегі қос тараптың қақтығысы 2013-ші жылы басталған. Мұның салдарынан мыңдаған адам көз жұмып, екі жарым миллионнан астам адам, Отанын тастап босып кетті. Бақылаушылардың мәлімдеуінше, тұрғындардың дені Эфиопияға бас сауғалаған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер