Ирак жерінде бекінген лаңкестер елдегі босқындарды қабылдау орталығына шабуыл жасап, атыс кезінде 12 адам қаза тапты.  35 бейбіт тұрғын жарақат алған. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, шабуылды "Ирак пен левант" лаңкестік тобы жасаған. Бағдад қаласының солтүстігінде орналасқан бұл лагерде тұрып жатқандардың дені содырлардан қашып шыққан жазықсыз жандар. Айта кетейік, экстремистер өздерінің бақылауындағы аймақтан бірде-бір тұрғынды шығармауға тырысады. Себебі олар тұрғындардың әрқайсысын Ирак үкіметінің әскери әуе күштеріне қарсы тірі қалқан ретінде пайдаланады.

 

 

 

Сурет: tass.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер