Қытайдың оңтүстігінде «Дяньму» тайфунының  салдарынан  болған толассыз нөсер мен су тасқындарынан 560 мыңнан астам тұрғын зардап шекті. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлайды.  Бейсенбі күні дауыл Хайнань және Гуандун провинцияларына жеткен болатын. Бұл  аймақтарда табиғаттың тосын мінезінен 15 уезд зардап шекті. Сондықтан мұнда қауіпсіздік мақсатында 450 мың адам эвакуацияланды. Бұған қоса, аймақта кеме қатынасы тоқтады. Төтенше қызметтер жағдайды тәулік бойы бақылауға алған.

 

 

 

Сурет: www.prensa.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер