Қытайдың оңтүстік бөлігінде толассыз жауған нөсердің салдарынан мыңдаған тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап отыр. Аймақтағы жауын-шашынға «Дяньму» тайфуны себеп. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, аталған дауыл елдің Гуандун провинциясына бейсенбінің кешінде жетіп, өзімен бірге қатты жауын әкеледі деп күтілуде. Қауіпсіздік мақсатында Хайнань провинциясында 40 мыңнан астам адам көшірілген. Бұған қоса, аймақта кеме қатынасы тоқтап тұр. Төтенше қызметтер жағдайды тәулік бойы бақылауға алған.

 

 

 

Сурет: www.lemonde.fr

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер