Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Central Asia’s  Affairs  журналы жаңа форматта шықпақ.  Енді журналдағы мақалалар халықаралық стандарттарға сай болады. Тоқсан сайын шығарылатын басылымның редакциялық кеңесінің құрамы өзгеріп, танымал шетелдіктермен толыққан. «Бұл – басылымның халықаралық танымалдығын арттырып, әлемнің көптеген зерттеушілерімен ынтымақтастық орнатуға жол ашады»,- дейді Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары. Институт басылымды 13 жылдан бері шығаруда.Толықтай ағылшын тілінде жарық көретін журналдың тұрақты оқырмандары жетерлік.

 

Ботагөз РАҚЫШЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Журналда ұлтаралық , халықаралық қатынас, өңірлік қауіпсіздік, дін мәселелері қамтылады. Басылымның әр нөмірі белгілікті тақырыптарға арналуда. Жаңа форматтағы мақалалар халықаралық стандарттарға сай болады. Яғни автор өзі көтерген тақырыпты жан-жақты зерттеуі тиіс.  Журнал тиражы 300 дана. Сондай-ақ электронды түрде де оқу мүмкіндігі бар. 

 

 

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер