Пуэрто-Рико жағалауында отқа оранған паромның бортынан барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері эвакуацияланды. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлап отыр. Пуэрто-Рико мен Доминикан Республикасының арасында қатынайтын круиздік кемеде 500-ден астам адам болған. Ол Сан-Хуан қаласындағы айлаққа кіреберісте өртене бастаған екен. Машина бөлімінде тұтанған жалын көзді ашып-жұмғанша паромның басқа да бөліктерін шарпып үлгерген екен. Апат орнына АҚШ-тың жағалау күзеті тартылды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, 200-ден астам кісі дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

 

 

 

 

Сурет: news.liga.net

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер