Германияда террорлық әрекет жасамақ болған күдікті ұсталды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол Айзен-хюттен-штадта өтетін фестивальде ішіне шеге толтырылған жарылғышты іске қоспақ болған. Польшамен шекаралас бұл шағын қалашықта жыл сайын мереке өтеді. Көңілді әуен естіп, сергіп қайту үшін мыңдаған турист ағылады.  Осы сәтті пайдаланбақшы болған күдіктінің ойы іске аспады. Бұл 27 жастағы Германия азаматы болып шықты. Теріс ықпалды діни жолда жүрген ол арнайы қызметтің бақылауында болған. Оның пәтеріне тінту жұмыстары жүргізілді. Күдікті азаматтың үйінен жарылғыш заттармен қоса, Ирак пен Левант террорлық ұйымын насихаттайтын кітаптар табылған. Бірақ әзірге бұл ақпаратты полиция растаған жоқ.

 

 

 

 

Сурет: parstoday.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер