Қазақстанның "Байқоңыр" велошабандоздары Бельгиядағы халықаралық жарысқа қатысуда. Бұл жобаны еліміздің ең атақты спортшылардың бірі - Андрей Кашечкин ұйымдастырып, қаржыландырған.

 

Мәди АЗЕН, "БАЙҚОНЫР" КОМАНДАСЫНЫҢ ВЕЛОШАБАНДОЗЫ:

 

Қазірде ондыққа- жиырмалыққа кіріп жатырмыз, біз үшін ол да үлкен тәжірибе саналады. Бұл жақта жарыстардың дәрежесі жоғары бізге қарағанда.

 

Ерсұлтан ӘЛИ, "БАЙҚОНЫР" КОМАНДАСЫНЫҢ ВЕЛОШАБАНДОЗЫ:

 

Осы жақтан жақсы тәжірибе жинап, тырысамыз енді Қазақстандағы жарыста ұтуымызға. Осы жақта жақсы нәтиже көрсетіп, жарыстардан опыт жинап, бәрін үйретіп жатыр тренерлеріміз. Андрей Кашечкин ағамызға рахмет айтамыз, осында алып келгеніне, үлкен жарыстар көріп жатырмыз.

 

Үш жыл бойы қазақстандық жас велошабандоздар Еуропада жаттығып, Бельгия, Франция және Италияда өтетін жарыстарға қатысты. Келесі айда өтетін еліміздің ұлттық біріншілігі қарсаңында үш спортшымыз  Тилт-Винг қаласындағы халықаралық сайыста  өнерлерін көрсетуде.

 

Франсуа ВОНКЕН, "БАЙҚОНЫР" ВЕЛОКОМАНДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

 

Бельгиядағы жарыстардың Қазақстаннан біраз айырмашылығы бар. Мұнда бұрылыс пен дөңдер көп, ал Қазақстанда негізінен тура жолда жарысады. Соңғы үш жылда жігіттеріміз осы айырмашылыққа үйреніп, тактикасын жетілдірді. Қазақстан чемпионы Мәди Азен - өте дарынды спортшы. Физикалық сынақтарының нәтижелері керемет. Осы жарысқа қатысу оған пайдалы. Тынбай еңбек етуі қажет. Сонда кім біледі, Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысып қалар.  

 

Сурет: kievvlast.com.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер