3 апта бұрын Нью-Йоркте Зика вирусын жұқтырған бала дүниеге келді. Дәрігерлер нәрестенің ми дамуында ауытқу бар екендігін анықтады. Оның анасы індет таралған өңірге барған кезде ауру жұқтырған. Халықты дүрліктірген оқиғадан кейін, қаланың денсаулық сақтау қызметі 3 жарым мыңға жуық жүкті әйелді бақылауға алды. Оның 49-ында Зика вирусы қуатталды. Осы мәселеге қатысты өткен конференция барысында мэр Билл Де Блазиомен бірге АҚШ конгресінің өкілдері де келді. Қала басшысының мәліметтеріне сүйенсек, мұнда 420 адамның ағзасында Зика вирусы бар.

 

Билл ДЕ БЛАЗИО, НЬЮ-ЙОРК ҚАЛАСЫНЫҢ МЭРІ:

 

Біз Зика вирусымен күресу үшін барымызды салып жатырмыз. Бірақ қазір қалаға Федералды үкіметтің көмегі қажет. Тұрғындарды қауіпті вирустан сақтандыру үшін қазынадан 21 миллион доллар бөлінді. Алайда бұл қаражат жеткіліксіз.

 

Ақшаның тапшылығы жалпыұлттық дағдарыс салдарынан болып тұр. Де Блазио ел конгресінен қосымша 2 миллиард доллар бөлуді сұрады.

 

Каролин МАЛОНИ, АҚШ ӨКІЛДЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 

Рекспубликалықтар қаржы бөлуден бас тартып отыр. Зика вирусына қарсы күрес жүргізу үшін әкімшілік Эбола індетіне бөлінген қаражаттан 589 миллион доллар алу керек.

 

Оған дейін билік бұл індеттің алдын алу үшін ауруды тарататын масадан құтылу жолдарын іздемек. Қала тұрғындарына балалардың ойыншықтарын далада қалдырмау керектігі ескертілді. 

 

Сурет: www.zastavki.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер