Жапонияда аптап ыстықтан бір апта ішінде 5 жарым мың адам ауруханаға түскен. Дені - Хонсю мен Кюсю аралдарының және ел астанасы Токио тұрғындары. Дәрігерлер 5 науқастың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Ал, синоптиктер алдағы күндері ыстықтың беті қайтпайды деп болжам жасады. Тамыздың алғашқы аптасында күншығыс елінде осындай қапырықтан 6 мың 700 адамның денсаулығы сыр беріп, 12 тұрғын көз жұмған еді. Ол кезде ауа температурасы 40 градусқа жетті.

 

Сурет: chervonec-001.livejournal.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер