Қолшатыр тек жауын мен күннен қана қорғамайды. Қажет кезінде ұялы телефоныңыздың қуатын арттырып, ыстықта желдеткіш қызметін атқарады. Сауыд Арабиясы мен палестиналық өнертапқыштар өзара бірлесіп, күн сәулесінен қуат жинайтын осындай қолшатыр ойлап тапты. Өнертапқыштар аптап ыстықта қолынан қолшатыр тастамайтын тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды көздеген. 

 

Камель БАДАВИ, ӨНЕРТАПҚЫШ:

 

Әдетте қолшатырды күннен қорғану үшін қолданады. Ойлана келе біз оған күн сәулесінен қуат жинайтын құрылғы қойып, желдеткіш қосуды ойладық. Сондай-ақ, акумуляторға джи-пи-эсті қосып, қайда тұрғаныңды да анықтауға болады. Бұл Египетке құлшылық етуге келген адамдардың бір-бірін оңай табуына көмек береді. 

 

Сурет: sumki.vpsvip.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер