Непалдағы жол апатынан  33 адам қаза тауып,  28–і түрлі деңгейдегі  жарақат алған. Тікұшақтармен шұғыл түрде ауруханаларға жеткізілгендердің арасындағы  15-інің халі мүшкіл. Дәрігерлер құрбандар саны артуы мүмкін дейді. Құтқарушылар апат орнында әлі іздеу жұмысын жүргізіп жатыр. Полицияның мәлімдеуінше, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, 150 метрлік құздан  құлаған. Марқұмдардың арасында бұрынғы қаржы министрі, маоистер партиясының көшбасшысы бар. Жалпы автобуста 60 жолаушы болған. Полицейлер қайғылы оқиғаға жолдың нашарлығы негізгі себеп деп топшылайды. Айта кетейік, сарапшылардың есебі бойынша, Непалда жол апаттары маусым мен қыркүйек аралығында жиі тіркеледі.

 

Сурет: ria.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер