Сауд Арабиясы бастаған коалиция Йеменнің солтүстігіндегі Хадджа провинциясында аурухананы әуеден шабуылдап, одан  11 адам қаза тапты. Оқиға кезінде 20 шақты кісі жарақат алған. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлайды. Сол емханада қызмет ететін «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының өкілдері әуе соққысының болғанын растады. БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун бұл шабуылды қатаң сынға алып, оған қатысты тергеу жүргізуге шақырды. Халықаралық ұйымның хабарлауынша, Йеменде екі жылға жалғасқан қарулы қақтығыстардың нәтижесінде 70-тен астам медициналық мекеме шабуылданып, қирап қалған.  

 

Сурет: www.elarna.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер