Оңтүстік Кореяда үкімет жұмысына наразылық білдірген 900-дей тұрғын шаштарын қысқартып тастады. Сонджу қаласындағы бұл ерекше акцияға қатысушылар америкалық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің енгізілуін құптамай отыр. Себебі таяуда Сеул мен Вашингтон Солтүстік Кореяның бірнеше ядролық сынағынан кейін, оған қарсы шешім қабылдады. Ал ел президенті жаңа жүйеден қоршаған ортаға еш зиян келмейтінін атап өтті. Дегенмен биліктің бұл әрекетіне көпшілік наразы. "Жаппай шаш қысқарту шыдамның шегін аңғартады",-дейді қарсылық білдірушілер.

 

Ким АН-СУ, АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ:

 

Бұл акцияны үкіметке айтар уәжіміз таусылып, ұйымдастырып отырмыз. Ұсынысты осылай ғана орындата аламыз. Сондықтан тиісті шешім шығарылса дейміз. Бірақ, енді не істеу қажетігін білмейміз. 

 

Сурет: volosy-volosy.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер