АҚШ-тың Калифорния штатында өршіген орман өрттерінің салдарынан 4 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Ассошиэйтэд пресс агенттігі хабарлап отыр. Сенбі күні кешке Лэйк округінде тұтанған жалын құрғақ ауа-райының салдарынан 13 шаршы шақырым алқапқа таралған көрінеді. Осылайша тілсіз жау штаттағы Лоуэр Лэйк қаласына жеткен. Қара түтін басқан шаһарда пошта ғимараты мен бірнеше кеңсе өртеніп кеткен екен. Өрт сөндірушілердің мәлімдеуінше, жалын 10 шақты үйді тас-талқан еткен. Бұған қоса, апаттан төнген қауіпке байланысты Клирлейк елді-мекенінде тұратын 15 мың тұрғынның жартысына жуығы да эвакуацияланған.  

 

Сурет: inhabitat.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер