АҚШ президенті Барак Обама су тасқынынан зардап шегіп отырған Луизиана штатын апат аймағы деп жариялады. Аталған өңірде бірнеше күннен бері толассыз жауған нөсер осы уақытқа дейін 4 адамның өліміне себеп болды. Штаттағы бірнеше өзен арнасынан асып, 18 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті губернатор штатта 1 айға төтенше жағдай жариялады. Ал, мемлекет басшысы қатты дауыл мен су тасқындарынан зардап шеккен аймақтарды қайта қалыпқа келтіру үшін федералды қордан қаржы бөлуді тапсырды.    

 

Сурет: en.wikipedia.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер