Суданда су тасқыны 100 адамның өмірін жалмап, мыңдаған тұрғынүйді тас-талқан етті. Апатқа аймақта екі апта бойы толассыз жауған нөсер себеп болды. Табиғаттың тосын мінезінен Эритреямен шекарадағы Касала штаты ең көп зардап шегіп отыр. Мұнда су тасқынынан 25 кісі көз жұмып, 8 мың үй қирап қалды. Мөлшерден тыс жауған жауын-шашынның нәтижесінде Гаш өзені арнасынан асып, елді-мекендерді су басқан. Мыңдаған адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. 

 

Сурет: en.wikipedia.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер