Швейцарияда пойызда жасалған шабуыл кезінде жараланған әйел ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ емханаға жеткізілген қаскөйдің өзі де жан тапсырған. Оқыс оқиға салдарынан жапа шеккен 3 науқастың халі мүшкіл. Естеріңізде болса, 13-ші тамызда 27 жастағы ер адам пойыз жолаушыларына пышақ ала жүгіріп, оның салдарынан 6 кісі жарақат алды. Арасында бір бала бар. Артынша қаскүнем пойыз ішінде тез жанатын сұйықтық төгіп, өрт қойған. Оны бұл әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз.

 

Ханспеттер КРЮСИ, ПОЛИЦИЯ ӨКІЛІ:

 

Біз лаңкестік әрекет немесе саяси тұрғыда жасалған шабуыл болжамдарын жоққа шығарып отырмыз. Қолда бар мәлімет бойынша, ер адам жалғыз өзі әрекет еткен. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

 

Сурет: rus.tvnet.lv

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер