Канада полициясы лаңкес деген күдікпен атып өлтірген ер адам Ирак пен Левант террористік тобының мүшесі болған. Бұл туралы аталған ұйым өз бақылауындағы ақпарат құралдары арқылы хабарлады.

 

Еске салсақ, Канаданың Онтарио провинциясында жүргізілген арнайы операция барысында полиция лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болған күдіктіні атып өлтірген еді. Лаңкестік қауіп туралы ел билігіне АҚШ-тың арнайы қызметі хабарлаған екен. Полицияның мәлімдеуінше, 24 жастағы Аарон Драйвер есімді күдікті алдағы 72 сағаттың ішінде қоғамдық орындардың бірінде қолдан жасалған жарылғыш затты іске қоспақ болған көрінеді. Тәртіп сақшылары оның үйін қоршауға алып, тұтқындамақ болған. Алайда, Драйвер таксиге мініп, онда жарылғыш затты іске қосып үлгерген. 

 

Сурет: www.emaze.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер