Колумбия билігі ел астанасы Боготадағы қылмыскерлердің ұясына айналған "Бронкс" ауданын жою жұмыстарына кірісті. Мамыр айында дәл осында жүргізілген ауқымды операцияның нәтижесінде полиция 200 әйелді зорлық- зомбылықтан азат еткен болатын.  Осылайша, жергілікті билік аймақтағы қылмыстың деңгейін азайтуды көздеп отыр. Елдіңқауіпсіздік министрінің мәлімдеуінше, дәл осы жерге Лос-Мартирес ауданының билігін орналастырып, мемлекеттік мекемелерді көшіру жоспарланып отыр. "Бронкстағы" ескі ғимараттарды қирату жұмыстарына ауыр техника тартылған. Ал мұндағы тұрғындар мен қылмыстық топтардың өкілдері биліктің бұл әрекетіне еш қарсылық білдірместен, ауданды тастап кеткен.

 

 

 

Сурет: plus.google.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер