Түркияның оңтүстік-шығысында екі бірдей жарылыстан 9 адам қаза тапты. Бұл туралы Рейтер агенттігі жергіклікті билікке сілтеме жасап хабарлап отыр. Оқиғалардың бірі Диярбақыр қаласында болған. Мұнда автокөлік ішіне орнатылған бомбаның жарылуы салдарынан 5 бейбіт тұрғын көз жұмды. Олардың арасында балалар да бар. Жарақат алған 12 кісінің 5-уі- полиция қызметкерлері. Тағы бір жарылыс Сириямен шекарадағы көршілес Мардин провинциясында болған. Мұндағы Қызылтепе қаласындағы аурухана маңында жол жиегіне орнатылған жарылғыш зат алыс қашықтықтан іске қосылған. Шабуылдан 5 кісі қаза тапты. 30 бейбіт тұрғын мен 10 тәртіп сақшысы жарақат алды. Түркия билігі шабуылдарды күрд содырлары ұйымдастырды деп есептейді.

 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер