Францияның ең үлкен екінші қаласы саналатын Марсель маңын өрт шалды. Аймақтағы құрғақшылық салдарынан өршіген қызыл жалынды өшіруге өрт сөндірушілердің шамасы жетпей жатыр. Олар тілсіз жау жолындағының бәрін күлге айналдырып, тез таралып жатқанын хабарлады. Соңғы мәліметтерге қарағанда өрттен 2 мың 7 жүз гектар орман тып-типыл болған. Оған қоса қызыл жалынмен арпалысып жүрген 4 өрт сөндірушінің денесін күйік шалған. Олардың 3-еуі ауыр халде. Аймаққа барған елдің Ішкі істер министрі Бернер Казнев Жерорта теңізі жағалауындағы Гар, Эро, Буш-дю-Рон департаменттеріндегі ормандардың отқа оранғанын мәлімдеді. Жағдайдың бұлай ушығуына елде соңғы апта бойына сақталған құрғақшылық пен күшті жел себеп болған.

 

 

 

Сурет: www.bfmtv.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер