Португалияда бірнеше күннен бері толастамай тұрған алапат орман өрттерінің салдарынан қаза тапқандардың саны 4 адамға жетті. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлап отыр. Жергілікті билік жалын өршіген Мадейра аралынан осы уақытқа дейін мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. 80 адам түтінге уланып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олардың екеуі ауыр халде, деп мәлімдеді жергілікті биліктің өкілі.Тілсіз жау жолындағының барлығын жайпап, 40 шақты үйді тас-талқан етті. Онымен күреске мыңдаған өрт сөндіруші тартылды. Десе де, өртті толықтай ауыздықтау әлі де мүмкін болмай отыр. Осыған байланысты Португалия билігі Еуропалық Одақтан көмек сұрады. 

 

Айта кетейік, Португалияда тамыз айында құрғақ әрі ыстық ауа-райының салдарынан орман өрттері жиі болады.

 

 

 

Фото: www.bbc.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер