Германияда концлагердің бұрынғы 8 қызметкері сот алдында жауап бермек. Ұлтшыл қылмыскер ретінде танылуы мүмкін азматтардың тең жартысы әйел. Олар Польша аумағында орналасқан Штутгроф лагерінде күзетші, байланысшы қызметтерін атқарған. Кей мәліметтер бойынша, соғыс жылдары мұнда тұтқында болған 65 мың адам көз жұмған. Күдіктілер сол адамдарды жаппай қырып-жоюға ат салысты деп айпталады. Олар 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Дегенмен сот істі болғандардың денсаулық жағдайы мен жасын ескеруі тиіс. Өйткені олардың кейбірі 90 алқымдаған қариялар.

 

Йенс Роммель, ұлтшыл қылмыстар бойынша тергеу жүргізетін топ басшысы:

Біз 8 күтіктіні анықтадық. олар Германияда болған ұлттық-социализм кезіндегі жаппай қырып-жоюға қатысты болуы мүмкін. Олар концентрациялық лагерде қызмет еткен. Біз қазір федералды сот шешімін күтіп отырмыз. Мысалы тұтқында болғандарды қамауда ұстаған күзетшіге қандай жаза тағылуы мүмкін екенін осы орган шешетін болады.

 

 

 

Сурет: www.belvpo.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер