Канаданың Онтарио провинциясында жүргізілген арнайы операцияның барысында полиция лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болған күдіктіні атып өлтірді. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап отыр. Лаңкестік қауіп туралы ақпарат түскен соң тәртіп сақшылары күдіктінің үйін қоршауға алады. Операцияға саперлер, мергендер мен кинологтар да тартылды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ирак пен Левант лаңкестік тобымен байланыста болған 23 жастағы Аарон Драйвер қоғамдық орындардың бірінде қолдан жасалған жарылғыш затты іске қоспақ болған көрінеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер